Get Mystery Box with random crypto!

ҰЛЫТАУДА “40 ҚЫЗДЫҢ МОЛАСЫ” ДЕГЕН ЖЕР БАР.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀ Жоңғар-қазақ | Заманауи молда

ҰЛЫТАУДА “40 ҚЫЗДЫҢ МОЛАСЫ” ДЕГЕН ЖЕР БАР.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жоңғар-қазақ соғысы кезінде бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қойыпты. Сол бейқам жатқан ауылдың үстіне жау əскері шығып, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алыпты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
"Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ" жау əскері ойларына келгенін істейді. Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздардан таңдап 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сол 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға "біздің аға бауырларымыз, əкелеріміз жан алып жан беріп соғысып жатыр, біз болсақ жауға қатын болып барайын деп жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық" депті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: "туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңдағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз" деп сұраныпты. Сөйтіп 40 қыз қол ұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда жоңғарлардың айтқаны: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
"Мына қазақ намысшыл халық екен. Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізбен не болады?" деп қорқып жоңғар əскері ауылды босатып кетіп қалыпты. ⁣⁣⠀
Әрине, өзіне қол жұмсау шариғатымызға қайшы.
⁣⁣⠀
Осындай намысын қолдан бермеген ата-бабамыздың ұрпағы екенімізді мақтан етейік!