Get Mystery Box with random crypto!

Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Ал | Заманауи молда

Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап қайырады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» – дегенде, ол:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас алдырған бұл бала – ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.