Get Mystery Box with random crypto!

Заманауи молда

Лагатып тэлеграм-канала telemolda — Заманауи молда З
Лагатып тэлеграм-канала telemolda — Заманауи молда
Адрас канала: @telemolda
Катэгорыі: Рэлігія
мова: беларускі
Падпісчыкі: 3.13K
Апісанне з канала

🌙 "Амалдар ниетке байланысты..."

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Апошнія паведамленні

2020-11-30 10:32:12 КЕЙБІРЕУІМІЗ ТЫСҚА КҮЙЕУДЕН РҰҚСАТ СҰРАП ШЫҒУ АМАЛЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУЫМЫЗ МҮМКІН.
⁣⁣⠀
Баяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен: ⁣⁣⠀
- Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, - деген хабар жетедi. Келiншек: ⁣⁣⠀
-Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Аллаһтың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, - деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, - деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Әкесi қайтыс болғаны туралы суық сөз де көп күттiрмейдi. Қатты қайғырған келiншек өкiнiштен өзегi өртенiп ерiнiң сапардан оралуын күтедi. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бiрақ бармайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) қыздың әкесi ана дүниеде жәннатқа лайықтылардың қатарынан орын алғанын айтады. «Қалайша?» - деп таңқалады сахабалар. ⁣⁣⠀
- Аллаһ Тағала әйелге ерiне бойсұнуды әмiр еткен. Ерiн күтiп, Аллаһтың әмiрiн орындап, иманын қорғаған осындай қыз өсiрiп, тәрбиелегенi үшiн әкесi Аллаһтың рахметiне бөлендi, - дейдi Пайғамбар (с.ғ.с).
1.8K views07:32
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 10:22:12
Бойдақ күйде өлу

Сұрақ:
Жаман адаммен тұрмыс құрмаймын деп ант еттім. Салих, жақсы адамды табу қиын. Бойдақ болып өлу үлкен күнә деп естідім, осы дұрыс па?


Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Бойдақ күйде өлу кіші күнә да емес. Тіпті ақыр заманда бала-шағалы болмау жақсырақ болатыны білдірілген. Хазреті Имам Ғазали былай деген:

Пайғамбарымыз бір хадис шәрифте «Екі жүз жылдан кейін сендердің ең жақсы болғандарың хафифулхаз болғандарың» деді. Хафифулхаз деген не деп сұралғанда «Әйелі және баласы болмаған адам» деді. (Әбу Яла)

#ЗаманауиМолда
1.5K views07:22
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 10:12:11
Мал-мүлікке құмарлық

Сұрақ:
Халал (адал) мал-мүлікті жақсы көріп, құмар болудың зияны бар ма?

Жауап: Халал мал-мүлікті қажеттіліктен артық жинау мәкрух. Зекетін бермесе, азапқа себеп болады. Хадис шәрифте: «Ақшаның құлына, ақшаға табынатын адамға лағнет болсын!» делінген. Дүниелік мал-мүліктің соңынан жүгіру нәпсінің құмарлығының (қалауларының) соңынан жүгіруден де жаман. Мал-мүліктің, ақшаның соңынан жүгіру Аллаһу та'аланың бұйрықтарын ұмыттыратын болса, бұған «Дүниелікке берілгендік» делінеді. Аллаһ зікірі (ойы) болмаған жүрекке шайтан орналасады. Шайтанның ең үлкен айласы – адамға қайырымды амалдар жасатқызып, оған өзін тақуа, жақсы адам деп санатқызу. Ондай адам өзінің құлы болады. Хадис шәрифте: «Өткен үмбеттердің әрқайсысына фитналар берілді. Менің үмбетімнің фитнасы – мал-мүлік, ақша жинау болады» делінген. Дүниеліктің соңына түсіп, ахиретті ұмытып кетеді.

#ЗаманауиМолда
1.3K views07:12
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:42:11 Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: «Сіз бір шәкіртіңіздің не деп жүргенін білесіз бе?" - дейді. Сонда ғұлама: "Біреудің айтқан сөзін жеткізбес бұрын оны мынадай үш қабат сүзгіден өткізіп алғаның жөн: Алғашқысы - шындық. Соған салар болсақ, айтпақ сөзіңнің рас екеніне көзің толық жете ме?» - дейді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Әлгі кісі: «Шынымды айтсам, өз аузынан естімедім» - дейді.⁣⁣⠀
- Онда екінші сүзгіден өткізейік. Ол - жақсы сөз деп аталады. Айтатын хабарың жақсы сөз бе еді? -
деп сұрайды.⁣⁣⠀
Ол кісі: «Жоқ, керісінше болатын» - дейді күмілжіп.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Онда үшінші сүзгіден өткізіп көрелік. Мүмкін бұл сынақтан өтерсің!? Ол - пайдалылық деп аталады. Ал енді мына хабарыңның маған қаншалықты пайдасы бар? - деп сұрайды.⁣⁣⠀
Әлгі кісі қатты қысылып: «Пайда бермейтін әңгіме еді» - дейді жерге қараған күйі.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда ғұлама: «Өзі сенімсіз болса, әрі жағымсыз әңгіме болып, маған түк пайда келтірмесе оны маған қай жақсылық ойлап жеткізгің келді?!» - деген екен.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бұл бәрімізге керек сүзгі екен!!!⁣⁣
1.1K views06:42
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:32:02 КЕМШІЛІГІН АЙТПАЙ САУДА ЖАСАУ – ХАЛАЛ БОЛМАЙДЫ

- Уаила ибн Асқағ (р.а.) тұрған жерде бір кісі түйесін үш жүз дирхамға сатады. Уаила аңдамай тұрғанда, сатып алушы түйені алып жүріп кетеді. Мұны байқаған Уаила оның артынан жүгіріп:

– Әй, бауырым! Сен түйені сою үшін алдың ба, әлде мініске ме? – деп айқайлайды. Ол:

– Мініске алдым, – дейді.

– Мен ол түйенің табанында жара бар екенін көрдім. Ол ұзақ жүріске жарамайды, – дейді Уаила. Әлгі кісі сатушыға қайта келіп, түйесін қайтарып береді. Соңында сатушы жүз дирхам түсіп, түйені екі жүз дирхамға береді. Сосын Уаилаға:

– Алла саған рахым етсін! Менің саудамды бұздың ғой, – дейді. Уаила:

– Біз Алла елшісіне барлық мұсылманға адалдық көрсетуге серт бергенбіз. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Адамға тауарының кемшілігін айтпай сауда жасауы халал болмайды. Оны біліп тұрған адам үшін айтпау да халал болмайды» дегенін естігенмін, – деп жауап береді.
1.1K views06:32
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:21:11
Тағут деген не?
Сұрақ:
Исламшыл атанып жүрген адамдар тағутты «Аллаһ қойған шектеулер тысында басқа шектеулер қойған адам» деп сипаттайды. Ислам ғалымдары тағутты қалай сипаттаған?

Жауап: Екі аяти кариманың мағынасы мынадай:«Дінде (салық беруді қабыл еткен кітапты кәпірлер мұсылман болсын деп) қинау жоқ. Хақ қатеден, дұрыс жол адасушылықтан, иман күпірден ажырап шықты. Олай болса, кім тағутты (шайтанды, пұттарды, сиқыршыларды, көріпкелдерді, адамдарды туғиянға, яғни күнәға, қарсы шығуға шақыратындарды) жоққа шығарып, Аллаһқа сенсе, ағытылмайтын ең берік құлыпқа (мұсылмандыққа) байланған болады. Аллаһ лайығымен естуші және кәмілдігімен білуші.» (Бақара 256)

«Кітап берілген адамдар жибт және тағутқа иман келтіреді, кейін кәпірлер туралы: "Олар Аллаһқа иман келтіргендерге қарағанда дұрыс жолда" дейді.» (Ниса 51)

#ЗаманауиМолда
1.0K views06:21
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:17:12 Қожанасыр бір күні жолдастарынан: ⁣⁣⠀
- «Мен өлемін бе?» деп сұрайды. ⁣⁣⠀
- «Ондай сұрақ болама Қожеке! Бәріміз өлеміз ғой» деп жауап қатады. ⁣⁣⠀
- «Олай болса менің жаназа намазым оқыларда Молда «Қандай адам еді?» деп сұрайды, сонда не деп жауап бересіңдер?» дейді. ⁣⁣⠀
«Ой Қожеке, қатырады екенсіз, әрине «Жақсы адам еді» деп жауап қатамыз» депті. ⁣⁣⠀

Сол сәтте Қожанасыр: ⁣⁣
«Ой достарым-ау менің өлімімді күтіп жүрмей соны қазір бетіме айтсаңдар қайтеді!» депті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Көпшілігіміз жүрегіміздің түбіндегі сүйіспеншілікті, сөйлем етіп айта алмаймыз. Сүйіспеншілігіңді айтпау керек сынды қате пікірді санамыздың түбіне орнатып алғанбыз. Ең өкініштісі де жақсылықты айта алмасақ та жамандық атаулыға, жазалауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Кез-келген жағдайға жақсы жағынан қарап, сүйіспеншілігімізді сүйгенімізге бетпе-бет айтуымыз керек. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кімнің жүрегінде діндегі бауырына деген сүйіспеншілік ұяласа, оны бауырына айтсын» деп бұйырған. ⁣⁣⠀
989 views06:17
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:12:11
Ас беру және жомарттық
Сұрақ:
Ас берудің қандай сауабы, қандай пайдалары бар?

Жауап: Билеуші (басқарушы, бастық) болған кісі қолынан келгенше көп ас бергені жөн. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Аллаһтың құлдарына көп ас беру билік пен басқарудың мерзімін ұзартады» және «Ең жақсыларың – ас бергендерің» деген.

Адам – жақсылықтың құлы. Перғауын, ысырапшы болғанына қарамастан, жомарттығы да бар еді. Күнде 4000 қой, 400 сиыр, 200 түйе сойып, дәмді тағамдар пісіріп, халуа, тәттілер, салаттар әзірлетіп, дастархан жаятын. Мысыр халқы және әскер осы дастарханнан күнде тамақтанатын. Перғауын осындай дастарханның арқасында 400 жыл өмір сүрді. Хазреті Мұса пайғамбар «Йа, Раббым, перғауынның көзін құрт» деп дұға етті. Аллаһу та'ала хазреті Мұсаға «Оны суға батырып, бүкіл мал-мүлкін сенің қаумыңа және әскеріңе ризық қылып беремін» деді.

#ЗаманауиМолда
964 views06:12
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 09:02:02 Күндердің күнінде Нұх (а.с.) пайғамбар көшені кезіп, халықтың жағдайын білу үшін серуенге шығады.

Содан бір үйдің қабырғасына сүйеніп отырған кейуананы көреді. Ол кісі қатты жылап отыр екен.

Нұх Пайғамбар (а.с.) қасына жақындап жылауының себебін сұрайды. Кейуана:
— Менің балам бар еді. Ол тым ерте дүниеден өтті, — дейді. Пайғамбар (а.с.):
— Оның жасы нешеде еді? — деп сұрайды.

— Небары 300 жаста болатын. Нұх (а.с.) кейуананың жанына отырып:

— Бізден кейін бұл әлемге 70-80 жыл ғана өмір сүретін адамдар келеді. Сіз сабыр етіңіз, — дейді. Сонда кейуана таңдана:

— Егер олай болса мен күні-түні құлшылық жасайтын едім, — деген екен.⠀
948 views06:02
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:52:12
Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап қайырады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» – дегенде, ол:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас алдырған бұл бала – ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.
924 views05:52
Адкрыць / каментаваць