Get Mystery Box with random crypto!

Ғибадаттарды пайдасы үшін орындау Сұрақ: Діннің әмірлері мен т | Заманауи молда

Ғибадаттарды пайдасы үшін орындау
Сұрақ:
Діннің әмірлері мен тыйымдарын адамға дүниелік пайдасын тигізгендіктен орындау дұрыс па?

Жауап: Ислам дінін ұстануды, ғибадат етуді дүниелік пайдалардың үстіне құруға болмайтыны ақылды адамдарға айқын болған ақиқат. Шура сүресінің 20-аятында:

«Ахиретте азаптан сақтану үшін еңбектенушілердің табыстарын арттырамыз. Ал дүниелік пайда үшін еңбектенушілерге көздегенін береміз. Бірақ ахиретте олардың қолына ештеңе түспейді» және Исра сүресінің 18-19 аяттарында:

«Пайдалары мен ләззаттары тез өтетін, бітетін дүниені сұрағандарға қалағанымызға тілегенімізді береміз. Ахирет пайдалары үшін еңбектенген мүминдердің марапаттары мол» делінген.

#ЗаманауиМолда