Get Mystery Box with random crypto!

Түнгі ғибадат Сұрақ: Түнгі ғибадатқа тек намаз оқу ғана жатады | Заманауи молда

Түнгі ғибадат
Сұрақ:
Түнгі ғибадатқа тек намаз оқу ғана жатады ма?

Жауап: Жоқ, әр түрлі ғибадаттар түнгі ғибадат болады. Мысалы, Құран кәрім оқу, ілім үйрену, қаза намазын оқу, истиғфар ету, зікір ету, ораза ұстау үшін сәреге тұру, өзіне және басқаларға дұға ету ниетімен сәре уақытында ояну сияқты амалдар түнгі ғибадат болып саналады. Қайбірін болса да, түнде ғибадат жасауға тырысу керек. Бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Түнгі ғибадатты тастап қоймаңдар! Өйткені бұл сендерге дейін келген салихтардың әдеті. Аллаһу та'алаға жақындатады, жамандықтарға, бәле-жалаға тосқауыл, күнәларға кафарат (өтем) болады және денені аурулардан қорғайды.» (Ибн Асакир)

«Түнде бір мезгіл ілім үйрену бүкіл түн бойы ғибадат етуден сауаптырақ.» (Бәйһақи)

#ЗаманауиМолда