Get Mystery Box with random crypto!

Германияда бір орамал оранған хиджабтағы мұсылман әйел, дүкенг | Заманауи молда

Германияда бір орамал оранған хиджабтағы мұсылман әйел, дүкенге кіріпті. Сатушы неміс азаматы әйелге қарап тұрып:⁣⁣⠀
- Кешірерсіз, сұрақ қойсам бола ма?-депті.⁣⁣⠀
- Әрине,сұраңыз-деген әйелге, әлгі неміс:⁣⁣⠀
- Сіз мұсылмансыз ба?-депті.⁣⁣⠀
- Әлхамдулиллах, мұсылманмын,-депті әйел.⁣⁣⠀
Неміс: ⁣⁣⠀
- Пайғамбарларың Мұхаммед қой?⁣⁣⠀
- Иә, Мұхаммед салаллаху әлейхи уассалам.⁣⁣⠀
Сонда әлгі неміс әйелге:⁣⁣⠀
- Егер қазір сол пайғамбардың алдында болсаң не істер едің ,- деп сұрапты.⁣⁣⠀
Бұндай сұрақты күтпеген әйел сол жерде есінен танып құлап қалыпты.⁣⁣⠀
Есін жиғанда қатты абыржыған сатушы:⁣⁣⠀
- Кешіріңіз, дұрыс сұрақ қоймадым ау,-дегенде, әйел:⁣⁣⠀
- Жоқ, өте дұрыс сұрақ, мен Пайғамбарымыздың алдында тұруға ұяламын, бала өсірдім- балама ислами тәрбие бере алмадым, күйеуге шықтым - күйеуіме Исламда айтылған құрметтерді көрсете алмадым, бала тудым - баламды Құранмен емізе алмадым, Пайғамбарымыздың алдында не деп тұрамын деп - көзінен жас сорғалап жылаған екен.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге келіп, сұрақ алмас. Дегенмен, әрқайсымыз Қияметте өз амалымыз үшін Раббымыздың алдында жауап беретінімізді ұмытпайық.