Get Mystery Box with random crypto!

ДОС ТУРАЛЫ ЖАҚСЫ СӨЗДЕР КӨП. АЛ ДОС ТУРАЛЫ ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ ЕК | Заманауи молда

ДОС ТУРАЛЫ ЖАҚСЫ СӨЗДЕР КӨП. АЛ ДОС ТУРАЛЫ ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ ЕКЕН?
⁣⁣⠀
Бір-бірін Алла жолында жақсы көріп, дос болғандардың сыйы ерекше! ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мұхаммед (ﷺ): «Жұмаққа кіргендер, осы өмірде жақсылық жасаған достарын жұмақтан таба алмай Алладан: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«О, Алла, бізбен бірге ораза ұстап, бізбен бірге дұға еткен жолдастырымыз бар еді, бірақ оларды көрмей тұрмыз» деп сұрайды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда Жаратушы Алла: «Тозаққа барыңдар. Жүрегінде шаңның тозаңындай иманы бар достарыңды шақырып алыңдар» деп айтады» деген. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Міне, қараңызшы, Алланың мейірімділігі сонша, істеген амалдармен тозақ отына түскен адамды жолдасының сұрауы бойынша жұмаққа кіргізеді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ұғар жүрекке осы хадистен түйер ой көп. Яғни, әрбір пенде өзіне жолдас таңдарда оның дүниесіне, абыройына емес, сол адамның жүректегі иманына қарағаны абзал. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хасан аль-Басри (р.а.): «Өзіңізге жолдас етіп, жүрегінде иманы бар адамдарды ертіңіз. Олар Қиямет күні Сіз үшін жақтас болады» деген. ⁣⁣⠀