Get Mystery Box with random crypto!

PR туралы

Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы P
Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы
Адрас канала: @prkazakh
Катэгорыі: Маркетынг
мова: беларускі
Падпісчыкі: 864
Апісанне з канала

PR және соның айналасы.
Пікір-мікірлер gulimeo@gmail.com адресіне және @gulimeo чатына қабылданады.
Осы тақырыпта әңгімелескім келеді дегендер @prkzchat тобына қосылуына болады.
PR туралы кітап іздегендерге: @prkitap

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Апошнія паведамленні 4

2022-05-23 19:22:24
Достар, жаз мезгілін мәнді де сәнді өткізудің бір амалын ұсынамыз.
Маусымда Öner Tili киносауат курсы басталады. Кино көріп, сауат ашамыз.
Курста кино тарихынан бастап киноны қалай көріп, неге мән беру қажет екеніне дейін үйретеді. Формализм мен реализм, Семиотика және психоанализ, Постколониализм және феминистік теория, Постмодернизм және цифрлы кино деген тақырыптары да бар. Толығырақ https://edu.oner.kz/cinema
Курсты белгілі кинотанушы, журналист, аудармашы, Лондондағы Мэри патшайым университетінің (Queen Mary University of London) докторанты, «Болашақ» стипендиясының түлегі Әсия Бағдәулетқызы жүргізеді.
Курс онлайн болады. Қатысу үшін тіркелу қажет https://newreporter.org/kz/2022/05/20/oner-tili-kinosauat-onlajn-kursyna-tirkeu-bastaldy/?fbclid=IwAR2-oDKpmrKqd5bWtq-bA6Q6n900r4bbd6_wNPdltkKA0kYTNShijdPwEPY
2022 жылғы 5 маусымға дейін өтініш қабылданады.
Киносауат онлайн курсында кездескенше
75 views16:22
Адкрыць / каментаваць
2022-05-20 19:42:35 - Не хабар?
- Оқырманға қысқа қайырам деп, әдеттегідей эссе жазып кеттім(((
- Содан?
- Жіберейін бе, жібермейін бе деп сол.
- Әйтеуір пайдасы бар ма?
- Әрине. Бұл мәселеге соқтығатын жалғыз мен емес қой. Біреудің уақыты мен жүйкесін үнемдер, ей бір жағынан қызық та ғой.
- Онда не ойланатыны бар? Жібер, шешесс.

Аударма саласында "сірескен жұп" деген ұғым бар, немесе сөзбе сөз аударсақ "өлі жұп" .
Бұл нақты мән-мағынасы жоқ әлдебір қыршыма сөздің аудармасы ретінде оның бір ғана баламасын барлық жерге қыстыра бергеннен туатын "қырсық" жұптар.
Мағынаның, түсіністіктің қас жауы осы "өлі жұптар".
Солардың бірі:
" Доступный мен Қолжетімді" жұбы.
Осы "қолжетімді" деген сөздің тура мағынада не тіпті жалпы басқа сөзді аударуға қолданылғанын көрмедім де естімедім. Сол үшін бұл сөз жүрген жерден, Баба Яга айтпақшы: "Русским духом пахнет!" .
Бұл сөзді біз оған шын зәру болғаннан емес, алдымыздағы мәтіннің айтарына бас қатырмау үшін, әкімият, сәкімиятта жұма күнгі ішісті аңсап отырып, орыстың тап осы сөзіне бола ойлап таптық.
Сондықтан ол сөзге қатты әуес болудың қажеті жоқ.

"Доступный" деген орыстың сөзі ағылшын тіліне
affordable -
accessible -
available -
reachable
comprehensible -
plain
clear and concise
obtainable т.б. баламалары бар, сондықтан оны әртүрліше аударуға болады.

Демек "доступный" сөзін қазақшаға да солай аударуға болады:
Доступная цена - Қолайлы баға

Доступное правительство - Халыққа жақын үкімет

Доступные товары - қалта көтеретін тауарлар, қымбат емес тауарлар

Доступная аренда квартир - шамаң келетін пәтерақы

Доступное расположение (здания) - ғимарат жолға жақын орналасқан

Доступные файлы - ашық файлдар

Доступный язык повествования/статьи/рассказа - жазбаның/мақаланың/әңгіменің тілі жеңіл

Доступный язык программирования/ Доступное управление - бағдарлау тілі оңай, басқарылуы оңай

Доступные ресурсы - қолың жеткен қаражат, қолда бар ресурсар

Абонент временно недоступен - Шақырылған абонент уақытша қоңырау қабылдай алмайды" ("уақытша" сөзін болымсыз сөйлемде қолданылмайтынын ескерсек: "Абонент әзірше сөйлесе алмайды"

Одан бөлек, бағаға қатысты "көңілге қонымды", немесе жай ғана "көнімді" деген сөз бар.


"Доступная ипотека" - дегенге ойда жоқта, еңсерімді ипотека- деген сөз келе қалды ал, айыпқа бұйырмаңыз.

Тізімді толтырам десеңіз, қысылмаңыз!
Ең абсурд нұсқалар қайта тез есте қалады

Доступная женщина - жеңіл жүрісті, көті бос әйел.

Тіл білімінде қате аударудан гөрі дұрыс аудару жолдары көбірек, сондықтан талауға рұқсат.

#доступный #қолжетімді #синоним #балама #affordable #accessible
87 views16:42
Адкрыць / каментаваць
2022-05-20 19:37:14 Кейде басыма моча соғып, отыра қалам да, әріптестерге байланысып, шаруа айта бастайм.
Сөйтсем елде пятницаның кеші немесе түнгі 2 болған
Менде уақыт пен кеңістікті сезбейтін бір ауру бар негізі.
Айналайын телеграмның арқасында кейінге қалдырған месседж жазам, түн ішінде жібергенімді керек адамым таңертең 9-да алатын етіп. Бірақ пятницаның кешін шынымен ұмытып кетіппін.
Айна, Салтанат, Ақсұлу, виноларың дәмді, билерің от болсын!
118 views16:37
Адкрыць / каментаваць
2022-05-20 17:49:49 Халқым, араларыңда коммуникация бойынша универде дәріс беретін оқытушылар бар ма?
Жекеме шығуыңызды өтінем.
Қысқа сауалнамам бар ед. Маңызды )
94 viewsedited  14:49
Адкрыць / каментаваць
2022-05-17 17:25:02 Көп ыржалақтап кеттім. Бір жылайтын сияқтымын
Барып жұмысымды істейін.
31 views14:25
Адкрыць / каментаваць
2022-05-17 17:22:55 Айдар Қырықбайларың капец жарымес екен ғой
#соңғыжаңалық #prмаразм
https://www.facebook.com/100004123273736/posts/2181526581994763/
44 views14:22
Адкрыць / каментаваць
2022-05-17 17:16:11 Желдібай такаевтың, мен Мәтжанидің копипастерімін
#пайдалы #спичрайтинг #рекоменд
https://malim.kz/18047
63 views14:16
Адкрыць / каментаваць
2022-05-17 16:25:38
Ain't gonna congrat this asshole, бірақ бұл күн несімен онша емес екенін айтқым кеп кетті осы күшті мемді көріп
117 views13:25
Адкрыць / каментаваць
2022-05-16 07:30:38 Нұрбек Мәтжани Псаки туралы күшті пост жазыпты да, оған экс-прессектің спичін қазақша субтитрмен қосыпты.
Нұрбек біздің презекенің прессегі брифинг өткізбейтініне назар аудартты. Жалпы Желдібай ол жұмысқа брифинг өткізу үшін емес, акорданың әлде стенографисті, әлде болонкасы болу үшін барғанын түсіндім. Алдында отырып кеткен братандары сияқты Руслан да ешқандай коментке реакция бермейтін, күн тәртібінде күйіп тұрған мәселе турасында ләм-мим демейтін, бірақ оның орнына қайдағы бір херняны тізіп отыратын шауыпкел-кетіпқал бала. Мысалы такаевтың дубайға барып, шейхтың қаза болуына қатысты көңіл айтты деген "жаңалық" туралы салақұлаш посты – әзірге сүйікті туындым. Бәлкім посттарын өзі емес, құйрығын* жұмсап жазғызатын шығар. Бірақ Қазақстан үшін сонша жақсылық жасаған шейхқа анағұрлым жылы пост жазуына болар еді. Оның орнына бұрқыраған ресмиоз, тағы біреуді құттықтап жүргенін айтыпты. Апофеозы – соңғы абзац: "Айта кетерлік жайт, бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне басқа да әлем лидерлері келіп көңіл айтып жатыр. Мәселен, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон, Франция Президенті Эммануэль Макрон, АҚШ вице-президенті Камала Харрис және т.б. лауазымды тұлғалар". Руслан. Бұл айта кетерлік жайт емес. Біріншіден ол вообще жайт емес, екіншіден – бұл не? Такаевты Джонсон мен Макронға теңестіру? Бүкіл саяси-экономикалық рейтингтерде көтінші орында тұрған Қазақстанның типа маңызын неймдроппинг арқылы "арттыру"?
Кароч, әр тексін оқыған сайын көзім тартылып қала береді.
Жоқ, өкінішті емес, тура осылай болатынын білгем.
Дегенмен келгеніне 100 күн толмағандықтан, әлі де скидка жасайм. Бірақ ештеме өзгермейтіні анық. Бас прессек ары қарай да маңызды тақырыпқа ештеңе айтпай, рафинадталған фигня жазуын тоқтатпайды.
#мемпиар #имидж #prпікір
*иесі итін, ит құйрығын жұмсайды деген мәтелге орай айтылған, кәдімгі орындыққа отыратын құйрығын айтып тұр деп қалмаңдар )
https://www.facebook.com/1778153864/posts/10209905235185686/
196 views04:30
Адкрыць / каментаваць
2022-05-15 12:52:58
Әсемнен ызып әкелдім
#копирайтинг
162 views09:52
Адкрыць / каментаваць