Get Mystery Box with random crypto!

Достар, жаз мезгілін мәнді де сәнді өткізудің бір амалын ұсына | PR туралы

Достар, жаз мезгілін мәнді де сәнді өткізудің бір амалын ұсынамыз.
Маусымда Öner Tili киносауат курсы басталады. Кино көріп, сауат ашамыз.
Курста кино тарихынан бастап киноны қалай көріп, неге мән беру қажет екеніне дейін үйретеді. Формализм мен реализм, Семиотика және психоанализ, Постколониализм және феминистік теория, Постмодернизм және цифрлы кино деген тақырыптары да бар. Толығырақ https://edu.oner.kz/cinema
Курсты белгілі кинотанушы, журналист, аудармашы, Лондондағы Мэри патшайым университетінің (Queen Mary University of London) докторанты, «Болашақ» стипендиясының түлегі Әсия Бағдәулетқызы жүргізеді.
Курс онлайн болады. Қатысу үшін тіркелу қажет https://newreporter.org/kz/2022/05/20/oner-tili-kinosauat-onlajn-kursyna-tirkeu-bastaldy/?fbclid=IwAR2-oDKpmrKqd5bWtq-bA6Q6n900r4bbd6_wNPdltkKA0kYTNShijdPwEPY
2022 жылғы 5 маусымға дейін өтініш қабылданады.
Киносауат онлайн курсында кездескенше