Get Mystery Box with random crypto!

Нұрбек Мәтжани Псаки туралы күшті пост жазыпты да, оған экс-пр | PR туралы

Нұрбек Мәтжани Псаки туралы күшті пост жазыпты да, оған экс-прессектің спичін қазақша субтитрмен қосыпты.
Нұрбек біздің презекенің прессегі брифинг өткізбейтініне назар аудартты. Жалпы Желдібай ол жұмысқа брифинг өткізу үшін емес, акорданың әлде стенографисті, әлде болонкасы болу үшін барғанын түсіндім. Алдында отырып кеткен братандары сияқты Руслан да ешқандай коментке реакция бермейтін, күн тәртібінде күйіп тұрған мәселе турасында ләм-мим демейтін, бірақ оның орнына қайдағы бір херняны тізіп отыратын шауыпкел-кетіпқал бала. Мысалы такаевтың дубайға барып, шейхтың қаза болуына қатысты көңіл айтты деген "жаңалық" туралы салақұлаш посты – әзірге сүйікті туындым. Бәлкім посттарын өзі емес, құйрығын* жұмсап жазғызатын шығар. Бірақ Қазақстан үшін сонша жақсылық жасаған шейхқа анағұрлым жылы пост жазуына болар еді. Оның орнына бұрқыраған ресмиоз, тағы біреуді құттықтап жүргенін айтыпты. Апофеозы – соңғы абзац: "Айта кетерлік жайт, бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне басқа да әлем лидерлері келіп көңіл айтып жатыр. Мәселен, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон, Франция Президенті Эммануэль Макрон, АҚШ вице-президенті Камала Харрис және т.б. лауазымды тұлғалар". Руслан. Бұл айта кетерлік жайт емес. Біріншіден ол вообще жайт емес, екіншіден – бұл не? Такаевты Джонсон мен Макронға теңестіру? Бүкіл саяси-экономикалық рейтингтерде көтінші орында тұрған Қазақстанның типа маңызын неймдроппинг арқылы "арттыру"?
Кароч, әр тексін оқыған сайын көзім тартылып қала береді.
Жоқ, өкінішті емес, тура осылай болатынын білгем.
Дегенмен келгеніне 100 күн толмағандықтан, әлі де скидка жасайм. Бірақ ештеме өзгермейтіні анық. Бас прессек ары қарай да маңызды тақырыпқа ештеңе айтпай, рафинадталған фигня жазуын тоқтатпайды.
#мемпиар #имидж #prпікір
*иесі итін, ит құйрығын жұмсайды деген мәтелге орай айтылған, кәдімгі орындыққа отыратын құйрығын айтып тұр деп қалмаңдар )
https://www.facebook.com/1778153864/posts/10209905235185686/