Get Mystery Box with random crypto!

Сауаптар күнәларды жояды Сұрақ: Күнәлар сауаптарымызды жойып ж | Заманауи молда

Сауаптар күнәларды жояды
Сұрақ:
Күнәлар сауаптарымызды жойып жібереді екен. Олай болса біз құрдымға ұшырамаймыз ба?

Жауап: Сауап істемейтін болсақ, әрине құрдымға ұшыраймыз. Егер сауабымыз көп болса, қорқатын жағдай жоқ, өйткені сауаптар да күнәларды өшіреді. Бір аяттың мағынасында: «Әрине хасанат сәйиатты жоқ қылады» делінген. (Худ 114) (Хасанат – жақсылықтың барлық түрі, ал сәйиат – әр түрлі жамандық деген сөз.)

Сауап күнәні жоқ қылған кезде ол күнә өшіріледі. Екі хадис шәриф:

«Бір күнә істеген кезіңде дереу артынша бір жақсылық жаса, бір сауапты іс жаса, сол күнәні жойып жіберсін!» (Бәйһақи)

«Қайда, қай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорқ және жамандықтың артынша бір жақсылық жаса, оны жоқ қылсын!» (Тирмизи)

Бір сауап ең аз дегенде он күнәні өшіреді. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Бір жақсылық жасаған адамға он есесі беріледі.» (Әнам 160)

#ЗаманауиМолда