Get Mystery Box with random crypto!

PR туралы

Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы P
Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы
Адрас канала: @prkazakh
Катэгорыі: Маркетынг
мова: беларускі
Падпісчыкі: 864
Апісанне з канала

PR және соның айналасы.
Пікір-мікірлер gulimeo@gmail.com адресіне және @gulimeo чатына қабылданады.
Осы тақырыпта әңгімелескім келеді дегендер @prkzchat тобына қосылуына болады.
PR туралы кітап іздегендерге: @prkitap

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Апошнія паведамленні 54

2021-07-09 04:52:34 Ковидтан басқа аурулар бар және оларды емдеу керек. Эпиджағдай алдыңғы жылғыдай болса, созылмалы ауруы бар адамдар емсіз қалады. Жұрттың бәрі бір ковидтің бетіне қарап отыр. Ғалымдар барлық зерттеу жұмыстарын сырып қойып 1 жыл бойы тек вакцина жасаумен айналысты. Әлем бойынша ғылыми қауымдастық бар күшін осы вакцина жасауға, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарға жұмсады. Ғылыми қауымдастық деген 100 адам емес, ӨТЕ-ӨТЕ КӨП АДАМ. ӘЛЕМ БОЙЫНША.

Ғылымның тілі қиын, оны түсіну үшін күш жұмсау керек.

Бәрін түсінем, бірақ не үшін вакцинация төлқұжатын сатып алып жатыр? Өздері үшін ғой денсаулық, бля вакцина салуға болмайтын болса, анықтамаңды шығарып береді. 0,5 мл сұйықтық не істей алады деп ойлайсыңдар? Ағзаларың сонша әлсіз болса телефонның радиациясынан-ақ өліп кетер едік қой.


Дәрігерлер ешкімге де міндетті емес. Салықтарыңнан тегін үй, тамақ, көлік алып жатқан жоқ. Ертең осы вакцинация төлқұжатын сатып алғандар ауырып, реанимацияға түссе ең бірінші кезекте бәрі «дәрігер кінәлі»—дейді.

Ковидтің әлі де спецификалық емі жоқ. «Былай емдейсің, мына дәріні саласың»—дейтін протокол жоқ.

Ковидті жұқтырып, ауырып шыққан соң иммунитетім пайда болады деп жүрсең: тосын сый! Ковидпен ауырған 2 аптадан соң ұзақ мерзімді постковидтік синдром басталады.

Вакцина ковидтен емдеу үшін емес: вирустың жұғуынан сақтау, жұғып жатса вирустың келтіретін зардабын барынша азайту үшін салып жатыр.

Өздеріңе қамқор болыңдаршы.

Ғылымға сеніңдерші! Қолдағы телефон, үстіңдегі киім, қырылып жүріп сатып алған дәретхана қағазына дейін — ғылымның жемісі.
48 views01:52
Адкрыць / каментаваць
2021-07-08 16:35:52 Күшті, а?
113 views13:35
Адкрыць / каментаваць
2021-07-08 16:35:40
Telegram вакцинируется
98 views13:35
Адкрыць / каментаваць
2021-07-08 14:45:10 Protenge деген керемет жобаны білесіңдер ғой?

Бюджет ақшасы қайда кетіп жатқанын әшкерелейді. Импакты зор. Кейде Protenge жазбаларынан соң мемлекеттік сатып алу келісім-шарты күшін жойып жатады.

Осы ұжым материалдарды қазақша әзірлейтін жаңа редакциялық топ жасақтап жатыр.

Жаңа жобада, авторлар сөзіне сенсек, орысша жазбалардың аудармасы ғана емес, кәдімгі қазақша жазылған материалдар да шығады. Сондықтан жаңа топқа ашық дереккөзбен жұмыс істей алатын, көзі ашық, сауатты журналистерді іздеп жатыр.

Өте қызық жоба! Бақтарыңды сынап көріңдер

Толығырақ мына жақтан оқысаңдар болады.

Удашы
108 views11:45
Адкрыць / каментаваць
2021-07-08 06:09:12 PR бөлімін ақша құртатын жер қалмағанда құрады. Ондай бөлімнің бар болуы компанияның сырт келбетінің жақсы не жаман болуына ықпалы аз.
Журналистер мен пиаршылардың арасында сүйіспеншілік те, жеккөрініш те болады, бірін бірі паразит деп санайды. Бірақ әдетте журналистер үшін пиаршылар – ақпарат жеткізіп беруші жалғыз көзауыз.

Обшым, мына қып-қысқа мақала не мақсатпен жарияланғанын түсінбедім. Пиаршылар наққа керек емес дегенді айту үшін сияқты

The Economist мақалаларын күніне 1-2 тегін оқуға болады, арғарай төлеу керек. Бірақ телеграмның арқасында instant viewды қосып қойып, хоть круглосуточно тегін оқисың
#prоқу
https://www.economist.com/business/2021/07/03/the-perils-of-pr
89 views03:09
Адкрыць / каментаваць
2021-07-08 06:05:39 75 адам тіркелген екен.
Бүгін бастаймыз
https://t.me/prkazakh/1994
88 views03:05
Адкрыць / каментаваць
2021-07-06 18:39:13
TikTok тестирует новую функцию Shoutouts: пользователи смогут заказать короткие видео у популярных креаторов: поздравление с днем рождения, короткие послания и другое.

Оплачивать свои заказы поклонники будут во внутренней валюте TikTok в приложении. Сервис добавит специальную красную кнопку под видео авторов, которым станет доступна функция

http://amp.gs/jjZWc
55 views15:39
Адкрыць / каментаваць
2021-07-05 18:10:06 Күнін көре алмай отырып, жарнама түсіргіш-ақ осылар.
Қазақ Пачино табылмаған оның үстіне.
Бірақ күшті шығыпты. Бір жарым минут роликті айналдырам дегенше де шашың шақ келмейд. Видеоқатарсыз аудиосы онша емес. Әдемі ролик, бірақ дороғо бағаты
#соңғыжаңалық #жарнама
https://t.me/sostav/8284
165 views15:10
Адкрыць / каментаваць
2021-07-05 14:54:52 Қазақстан күн тәртібіндегі оқиғалар мен журналистика туралы жазатын каналдардың админдер коллегиясы жаңа канал аштық.
Қызық көргендер, кеп қосылыңдар. Шли маңызды нәрсе жоқ, жай админдердің пікір алмасуы
https://t.me/redangime
184 views11:54
Адкрыць / каментаваць
2021-07-05 12:56:05 Қазақстандағы Internews өкілдігінің қолдауымен 8-11 шілде күндері қазақша медиасауат онлайн-тренинг өткіземіз. Тренинг мемлекеттік қызметкерлерге, ұстаздарға, қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, баспасөз қызметі мамандарына, PR мамандарға арналған.
Қатысу тегін.

Қатысушылар фактчекинг негіздерін, фейкті анықтап, онымен күрес тәсілдерін меңгереді. Бұл тәсілдерді белгілі журналист, медиатренер, фактчекинг маманы, «Тіл кеспек жоқ» YouTube-каналының авторы Әсем Жапишева үйретеді.

Медиаэтика, медиадағы өшпенділік тілі, түрлері мен салдары, адам жынысына қатысты стереотиптер туралы осы тақырыптарда мықты маман, журналистика магистрі, медиатренер, аbout media in kazakh телеграм-каналының авторы, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Оразай Қыдырбаев дәріс береді.

Кәсіби PR маман, қазақ тілінде ең танымал «PR туралы» телеграм-каналының авторы, медиатренер Гүлім Оразбаевадан БАҚ пен жарнамадағы, пропагандадағы манипуляция түрлерін және соны ажыратуды үйренеміз.

Интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтеріңіз бен аккаунттарыңызды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету машығы кез келген қолданушы қажет. Бұл машықтарды кәсіби IT маман, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Cardiff University, Advanced Computer Science оқу бағдарламасы), Телеграмдағы IT тақырыбына арналған Kazakh in Cardiff каналының авторы Данияр Мухановтан үйренеміз.

Тренинг соңында үздік қатысушыларға сыйлығымыз бар. Үздіктерге үйренген тақырыбында тренинг өткізу машығын дамытуға  көмектесеміз.

Тренингке қатысу тегін. Толық қатысқандарға сертификат беріледі.

Қатысу үшін 6 шілдеге дейін онлайн өтінішті толтырып, тіркелу керек.
144 views09:56
Адкрыць / каментаваць