Get Mystery Box with random crypto!

Ковидтан басқа аурулар бар және оларды емдеу керек. Эпиджағдай | PR туралы

Ковидтан басқа аурулар бар және оларды емдеу керек. Эпиджағдай алдыңғы жылғыдай болса, созылмалы ауруы бар адамдар емсіз қалады. Жұрттың бәрі бір ковидтің бетіне қарап отыр. Ғалымдар барлық зерттеу жұмыстарын сырып қойып 1 жыл бойы тек вакцина жасаумен айналысты. Әлем бойынша ғылыми қауымдастық бар күшін осы вакцина жасауға, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарға жұмсады. Ғылыми қауымдастық деген 100 адам емес, ӨТЕ-ӨТЕ КӨП АДАМ. ӘЛЕМ БОЙЫНША.

Ғылымның тілі қиын, оны түсіну үшін күш жұмсау керек.

Бәрін түсінем, бірақ не үшін вакцинация төлқұжатын сатып алып жатыр? Өздері үшін ғой денсаулық, бля вакцина салуға болмайтын болса, анықтамаңды шығарып береді. 0,5 мл сұйықтық не істей алады деп ойлайсыңдар? Ағзаларың сонша әлсіз болса телефонның радиациясынан-ақ өліп кетер едік қой.


Дәрігерлер ешкімге де міндетті емес. Салықтарыңнан тегін үй, тамақ, көлік алып жатқан жоқ. Ертең осы вакцинация төлқұжатын сатып алғандар ауырып, реанимацияға түссе ең бірінші кезекте бәрі «дәрігер кінәлі»—дейді.

Ковидтің әлі де спецификалық емі жоқ. «Былай емдейсің, мына дәріні саласың»—дейтін протокол жоқ.

Ковидті жұқтырып, ауырып шыққан соң иммунитетім пайда болады деп жүрсең: тосын сый! Ковидпен ауырған 2 аптадан соң ұзақ мерзімді постковидтік синдром басталады.

Вакцина ковидтен емдеу үшін емес: вирустың жұғуынан сақтау, жұғып жатса вирустың келтіретін зардабын барынша азайту үшін салып жатыр.

Өздеріңе қамқор болыңдаршы.

Ғылымға сеніңдерші! Қолдағы телефон, үстіңдегі киім, қырылып жүріп сатып алған дәретхана қағазына дейін — ғылымның жемісі.