Get Mystery Box with random crypto!

Интернетке алғаш келген сәттен еш жерде шын атымды жазбай, Mei | PR туралы

Интернетке алғаш келген сәттен еш жерде шын атымды жазбай, Meihua Zheng лақап атыммен 2000 жж. басынан киберөмір сүріп келген ем.
Ол менің қазақша есімім мен әкемнің атының аудармасы және транслитерациясы болатын. Ал мейхуа деген қытайлар қастерлейтін қараөрік гүлінің сипаттамасы менің натурама дәл келгенсін, сол гүлдің атын алғам.
2000 ж. оқуға түскеннен курс жұмыстарым жыл сайын интернет-журналистика тақырыбына арналған еді, кейін дипломдық жұмысым да осы 4 жылдық ізденістерімнің нәтижесі болды. Бір грамм интернет жоқ ол кезде, бірақ интернет журналистика бар Ағылшынша және ресейлік ресурстардың арқасында жазылып ед.
Сол, интернетті тереңірек білмек боп қатты зерттеп едім. Және тап сол кезден интернеттің адамның тұлғасын жасыратын, жасырмаса зиян келтіретінін бірден түсіндім. Солайша бүкіл жерде лақап атым ғана жазылатын болды.
Менің алдағы алмағайып пландарыма сәйкес бұл пседвоним енді қолдануға келмейді. Сондықтан әлжелілердегі, түрлі сайттардағы meihuazheng аккаунттары өшірілді. Фейсбугымды жаптым. Мәңгіге. 30 күннен кейін шын атыммен қайта тіркелем. Инстаграмым да наққа кетеді жақын күндері.
Мені ары да қарай мейхуа дей беруіне қарсы емеспін, жалпы атымды қалай атаса да пофик болған әрқашан
Дохера бір жаңалық емес, құрсын, жай ескерте салайын деп, іздеп қалмасын біреулер
#соңғыжаңалық