Get Mystery Box with random crypto!

Прессек боп жүргенде кейбір журналистерге жыным ұстайтын кезде | PR туралы

Прессек боп жүргенде кейбір журналистерге жыным ұстайтын кездер болатын, жасырмаймын, бәрінде болады.
Дайындықсыз келеді, мәселенің мәнін түсінбей, левый сұрақтар қояды, қанша түсіндірсең де, ұқпай қояды.
Бірақ! Ешқашан еш журналиске топас деп қараған емеспін. Түсінбесе, тағы түсіндірем, менің шыдамым резеңкедей. Ешқашан алалаған емеспін. Көтіммен жауап берген емеспін. Ешқашан өтірік айтқан емеспін. Ресми (шын) себеп айта алмасам, жеке өзіне по секрету түсіндіретінмін жағдайды. Ол журналистерге алғысым мол, ешқайсы ешқашан скандал шығарған емес, түсіністікпен қарады.
Ал Смадияров сияқты этикадан жұрдай прессектерді мен айыптаймын. Олардың жартықұдай позиция ұстанып, журналистерді алалап, өтірікті сықпыртатынын мен түсінбеймін, түсінгім келмейді.
Кәсіби этика мен принциптерді ұстанбайтын қызметкерлер нарықта болмауы тиіс.
Бұл канал токсик, әріптестерді сықпыртып отыратын жер деп ойлайтындарға үнемі айтатыным осы – мен мұндай нәрсеге шыдамаймын. Жаман мамандар коммуникация саласында істемеуі керек. Ақша үшін ғана мақтауға тұратын органдар мен компаниялардың пиарщиктері мен прессектерінің коммуникацияға дым қатысы жоқ и леп белгісі.
Менің студент кезден жақсы араласқан жақын досым бар еді. Өте жақсы көретінмін, сыйлайтынмын. Акиматқа прессек боп жұмысқа тұрды. Бірлесіп өткізген шарамызға таңдаулы (мемлекеттік) масс медианың журналистерін ғана шақырды. Менің шақырғандарымды – ішінде жекеменшік басылымдар бар еді, акимат ғимаратына жолатпаймын деді. Мен оны прессектікке адасып келген, хабардағы стажы үшін ғана жұмысқа алынған жаман маман деп айттым. Содан араластығымыз үзілді.
Осыдан кейін ойлайсыңдар ма мен принципсіз, этикасыз адамды жаныма жолатады деп? Жоқ. Нарық нешетүрлі смадияровтарға толы. Ал ол дұрыс емес. Меморгандар имиджі нөл, ал билікке сенім минус нөл боп тұрғанда, бұл жағдай тек ушыға береді. Жалпы билікке сенім минус нөл болуының нағыз себебі осындай принципсіз адамдар.
Ұзақ әңгіме.
Түйін:
Этика ұстанбайтын, принципсіз прессектердің атын атауға қысылмаңдар.
#имидж #prпікір