Get Mystery Box with random crypto!

PR туралы

Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы P
Лагатып тэлеграм-канала prkazakh — PR туралы
Адрас канала: @prkazakh
Катэгорыі: Маркетынг
мова: беларускі
Падпісчыкі: 864
Апісанне з канала

PR және соның айналасы.
Пікір-мікірлер gulimeo@gmail.com адресіне және @gulimeo чатына қабылданады.
Осы тақырыпта әңгімелескім келеді дегендер @prkzchat тобына қосылуына болады.
PR туралы кітап іздегендерге: @prkitap

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Апошнія паведамленні 9

2022-04-22 11:18:33 Найс #жарнама
https://t.me/protenge/1494
111 views08:18
Адкрыць / каментаваць
2022-04-21 15:14:33 PRDrive хабарлайды:
Зарина Пахирдинова возглавила службу по связям с общественностью Банка Развития Казахстана. Журналист-аналитик Yuri Massanov присоединился к команде в качестве главного менеджера, а Салтанат Еспанова является главным специалистом, сообщение об этом было разослано сегодня деловым СМИ.
#тағайындау
119 views12:14
Адкрыць / каментаваць
2022-04-21 06:36:59
Пресс-релизы о продаже "Альфа-банка" БЦК снова опубликованы, но уже с сегодняшней датой
86 views03:36
Адкрыць / каментаваць
2022-04-20 20:15:28 Бағана БЦК Альфабанкты потрохасымен сатып алдық деп релиз жариялады. Оны іскери медиа таратып шықты. Енді БЦК ресми мәлімдемені сайтынан өшіріп тастап, баспасөзді өтірікші қылып отыр.
Оның себебі неде деп сұрайын десе, ешкімнен жауап жоқ.
Қызық жағдай орнап отыр.
Мүмкін мәміле жасалғасын, сатылған банктің бір жайты ашылып, сатып алушы шегініп қалды ма, беймәлім. Бірақ айтуы керек қой, не болса да. Сделка кейінге қалды, келесі аптада жауап береміз деген сияқты.
#соңғыжаңалық #prкейс
https://t.me/FINANCEkaz/10031
182 views17:15
Адкрыць / каментаваць
2022-04-20 17:25:24 Кезінде Денсаумин өткізе бастаған тағы бір ноухау – стейтмент есіме түсіп кетті. Сол кездегі прессегі Ахметшарип пен ведомствоның 600 млндай ақшасын игерген СаксесК компаниясы ойлап тапқан. Бірақ оның ешқандай жаңалығы жоқ ед, өзіміз баяғыдан білетін брифинг деген нәрсенің клоны.
#мемпиар
185 views14:25
Адкрыць / каментаваць
2022-04-20 17:16:06 #prпікір
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіттің Мөлдір Бақытқа (Ulysmedia) премьер-министр Әлихан Смаиловтың журналистермен өткізген “жабық” кездесуі жайлы берген пікірі:
Chatham House Rule, Off the record ережесі бойынша кездесулер көп елде өтеді. Бар практика. Және бұл екеуін екі бөліп қарастыру керек. Біріктіріп жібергендері мен үшін өте қызық. Бұл мүмкін қазақстандық ноу-хау шығар. Ұйымдастырушылар неліктен бұл екі форматты біріктіріп тастады, мүмкін бұл екі форматтың ерекшелігін білмегеннен кейін бе. Мен ол жағын енді нақты білмеймін.

Chatham House Rule-ге келер болсақ, бұл көп жағдайда мемлекеттік органдар, зерттеу орталықтары, коммерциялық ұйымдар түрлі фронттағы, түрлі көзқарастағы адамдардың басын қосып, белгілі бір проблеманы талқылайды. Ең бастысы, адамдар өздерін ыңғайсыз сезінбеуі үшін кездесуге қатысушыларға алдын ала кімнің қандай ой айтқанын айтуға, жариялауға тыйым салынады. Осы ережеге келіскен адамдар кездесуге қатысуға мүмкіндік алады. Ережені бұзған адамдар алдағы уақытта кездесуге қатыспауы мүмкін. Осындай моральдық, этикалық тұрғыда жүктелетін жауапкерішлік бар.

Екінші, Off the record деген бұл көбінесе саясаткерлер мен журналистердің арасындағы екіжақты кездесу. Ол кездесу туралы аты айтып тұрғандай, көпшілік білмеуі керек. Оны кездесуге қатысқан журналист те, саясаткер де жарияламауы керек. Бірақ кейбір жағдайда, мысалы Трамп кезінде «Нью-Йорк Таймс Магазиннің» редакторымен кездесуін жариялап жіберді және онда не айтқанын бұрмалап жіберген кезі болды. Оның артынша редактор оны дұрыстауға тырысты.

Енді Әлихан Смаилов қатысқан кездесуге келетін болсақ, біріншіден ол премьер-министр ашық болғысы келеді, журналистерден қашпайды деген көзқарасты қалыптастыру үшін ұйымдастырылған кездесу секілді. Ол қандай да бір мәселені журналистермен ашық қозғау үшін классикалық түсініктегі Off the record форматында болса, Фейсбуктегі фотоларды көрмейтін едік, бұл туралы естімес те едік. Бірақ бұл көбінесе имидж қалыптастыру үшін жасалған іс-шара сияқты болып көрінеді.

Менің ойымша, осы іс-шарадан көріп отырғанымыздай, премьер-министрдің командасындағы коммуникацияға жауапты қызметкерлердің стратегиялық коммуникациядан хабары өте аз секілді көрінеді. Chatham House Rule, Off the record форматын біріктіріп жібергені мен үшін де өте бір қызық және когнитивті диссонанс туғызған бір формат болды.

Одан кейін стратегиялық коммуникация туралы түсінігі таяз деп отырған себебім, журналистермен жабық кездесу өткенімен, журналистер премьер-министрдің сұрақтарға қалай жауап бергенін айтпағанымен, олардың санасында премьер-министр туралы нақты бір пікір қалыптасады. Яғни, премьер-министр шынайы ма, шынайы емес пе, көтеріліп отырған мәселе туралы біле ме, білмей ме, өзіне сенімді ме, сенімді емес пе деген секілді осындай бір әсер қалыптасады. Оған сол жабық кездесу, бір-ақ кездесу жеткілікті болуы мүмкін. Премьер-министр оған қаншалықты дайындалды, десе де сол премьер-министрдің командасындағы тұлғалар оны ескермеген секілді.

Ең бастысы жаңа нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Әртүрлі форматтағы, ағылшын тіліндегі сөздерді қосып, ондай кездесулер дәл қазір Қазақстан жағдайында керек емес. Қазақстанға қазір премьер-министрдің және оның баспасөз хатшысының ашық форматтағы брифингтерді жиі тікелей эфирде өткізіп тұруы маңызды. Қазақстан азаматтарын қаңтар оқиғасына қатысты, Украинадағы соғысқа қатысты, Қазақстандағы экономикалық қиыншылық, кедейшілік, азық-түлік бағасының қымбаттауы, девальвация, инфляция туралы нақты сұрақтар қызықтырады.

Премьер-министр және оның баспасөз хатшысы осыған міндетті түрде жауап беруге тырысуы керек. Ал қалған нәрсенің барлығы тура сұрақтан қашу. Қазіргі форматтағы іс-әркеттерді ашықтық, шынайылық, қарапайымдылық деп бағалауға мүлдем келмейді.
Шалқар Нұрсейіт
185 views14:16
Адкрыць / каментаваць
2022-04-20 10:35:31
Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болды

Федерация мақсаты – Алматыны әлемдік шахмат орталықтарының біріне айналдыру және еліміздің басқа шахмат федерациялары үшін үлгі болу.

Дереккөз: Qazaqparat
159 views07:35
Адкрыць / каментаваць
2022-04-20 09:03:36 #тағайындау
Наина Эргешова Талап даму институтына коммуникация жетекшісі болып барды
https://www.facebook.com/100011137065179/posts/1575199342861286/?d=n
210 viewsedited  06:03
Адкрыць / каментаваць
2022-04-19 18:28:30 Медиа, журналистика және адам құқығына қызығатын достарыма бірнеше хабарландыру:

1. Фридрих Эберт қоры азаматтық журналистика уоркшобына қатысушылар іріктеп жатыр. Уоркшоп шілдеде өтеді, бірақ өтініш қабылдау 29 сәуір аяқталады. Толығырақ ақпарат мына жерде.

2. Қазақша контентмейкерлерге арналған офлайн кездесу. Спикер - Марғұлан Ақан, Qadam және BUGIN MEDIA жобаларының жетекшісі. Контентті бейімдеу, вирусты контент жасау тақырыптарын талқылайды. Кездесу 28 сәуір Алматыда, American Space-те өтеді. Мына жерден тіркеле аласыз.

3. Құқықтық медиа-орталық қоры ONLINE ACTIVISM CAMP курсына өтініш қабылдап жатыр. Курс мамырдың соңына қарай астанада өтеді екен. Онлайн-адвокация, интернеттегі құқықтық сауат, ақпаратқа қол жеткізу құқығы, фейкпен күрес, өз цифрлы жобаңды жүзеге асыру, т.б. нәрселерді үйретеді. Курс соңында қатысушылар грант конкурсына өз жобасын ұсынып, іске асыруға қажет ақшаны ұтып алуға мүмкіндігі де бар. Тіркелуге өтінішті мына жерге жаза аласыз.
188 views15:28
Адкрыць / каментаваць
2022-04-19 17:00:04
Сирен деген тегін шіріп жатыр қалада. Жұмыртқадан жүн қырқып, қыста қар сататын кәззаптар екен
#пздц
243 views14:00
Адкрыць / каментаваць