Get Mystery Box with random crypto!

Заманауи молда

Лагатып тэлеграм-канала telemolda — Заманауи молда З
Лагатып тэлеграм-канала telemolda — Заманауи молда
Адрас канала: @telemolda
Катэгорыі: Рэлігія
мова: беларускі
Падпісчыкі: 3.13K
Апісанне з канала

🌙 "Амалдар ниетке байланысты..."

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Апошнія паведамленні 2

2020-11-30 08:42:12 ҰЛЫТАУДА “40 ҚЫЗДЫҢ МОЛАСЫ” ДЕГЕН ЖЕР БАР.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жоңғар-қазақ соғысы кезінде бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қойыпты. Сол бейқам жатқан ауылдың үстіне жау əскері шығып, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алыпты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
"Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ" жау əскері ойларына келгенін істейді. Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздардан таңдап 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сол 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға "біздің аға бауырларымыз, əкелеріміз жан алып жан беріп соғысып жатыр, біз болсақ жауға қатын болып барайын деп жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық" депті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: "туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңдағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз" деп сұраныпты. Сөйтіп 40 қыз қол ұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда жоңғарлардың айтқаны: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
"Мына қазақ намысшыл халық екен. Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізбен не болады?" деп қорқып жоңғар əскері ауылды босатып кетіп қалыпты. ⁣⁣⠀
Әрине, өзіне қол жұмсау шариғатымызға қайшы.
⁣⁣⠀
Осындай намысын қолдан бермеген ата-бабамыздың ұрпағы екенімізді мақтан етейік!
326 views05:42
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:37:12
НЕГЕ МҰСЫЛМАНДАР БІР-БІРІН ТАНЫМАСА ДА АМАНДАСАДЫ?⁣⁣
⁣⁣⠀
Адамның «Әссаләму алейкум» деп өзі білетін адамдардан басқа ешкіммен амандаспауы да Қиямет күнінің белгілеріне жатады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтқан: «Адам басқа біреумен сәлемдескенде, тек оны танығандықтан ғана солай жасайтыны да Қиямет күнінің белгісіне жатады» (Ахмад).⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сондай-ақ, Ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) басқа риуаятта былай айтады: «Қиямет күнінің алдында тек таныстар ғана сәлемдесетін болады» (Ахмад).⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бұл қазіргі кездің белгісі — адамдар тек танитындарымен ғана сәлемдеседі, — бұл айқын түрде Сүннетке қарама-қайшы келеді, өйткені Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлемді таратуды және білетіндермен де, білмейтіндермен де амандасуды бұйырған. Бұндай мінез-құлық мұсылмандар арасындағы сүйіспеншілік пен достықты ұлғайтады, ал ол өз кезегінде, иманның өсіп әрі мұсылмандар арасындағы ынтымақтық пен бауырластықтың нығаюына
305 views05:37
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:32:02 ИСТИҒФАР АЙТЫП ЖҮРУДІ ҰМЫТПАЙЫҚ !

«Кімде-кім истиғфарды аузынан тастамаса, оған Алла Тағала кез келген тығырықтан шығу, әртүрлі қайғыдан құтылу жолдарын көрсетеді және оған күтпеген жерден ризық береді».

"Әстағфируллаһи уә әтубу иләйһ" -аузымыз осы сөбен ылғалданып, жүрегіміз тазарып, жүзіміз нұрлансын !
328 views05:32
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:23:11
Ғибадаттарды пайдасы үшін орындау
Сұрақ:
Діннің әмірлері мен тыйымдарын адамға дүниелік пайдасын тигізгендіктен орындау дұрыс па?

Жауап: Ислам дінін ұстануды, ғибадат етуді дүниелік пайдалардың үстіне құруға болмайтыны ақылды адамдарға айқын болған ақиқат. Шура сүресінің 20-аятында:

«Ахиретте азаптан сақтану үшін еңбектенушілердің табыстарын арттырамыз. Ал дүниелік пайда үшін еңбектенушілерге көздегенін береміз. Бірақ ахиретте олардың қолына ештеңе түспейді» және Исра сүресінің 18-19 аяттарында:

«Пайдалары мен ләззаттары тез өтетін, бітетін дүниені сұрағандарға қалағанымызға тілегенімізді береміз. Ахирет пайдалары үшін еңбектенген мүминдердің марапаттары мол» делінген.

#ЗаманауиМолда
287 views05:23
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:12:02
Түнгі ғибадат
Сұрақ:
Түнгі ғибадатқа тек намаз оқу ғана жатады ма?

Жауап: Жоқ, әр түрлі ғибадаттар түнгі ғибадат болады. Мысалы, Құран кәрім оқу, ілім үйрену, қаза намазын оқу, истиғфар ету, зікір ету, ораза ұстау үшін сәреге тұру, өзіне және басқаларға дұға ету ниетімен сәре уақытында ояну сияқты амалдар түнгі ғибадат болып саналады. Қайбірін болса да, түнде ғибадат жасауға тырысу керек. Бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Түнгі ғибадатты тастап қоймаңдар! Өйткені бұл сендерге дейін келген салихтардың әдеті. Аллаһу та'алаға жақындатады, жамандықтарға, бәле-жалаға тосқауыл, күнәларға кафарат (өтем) болады және денені аурулардан қорғайды.» (Ибн Асакир)

«Түнде бір мезгіл ілім үйрену бүкіл түн бойы ғибадат етуден сауаптырақ.» (Бәйһақи)

#ЗаманауиМолда
281 views05:12
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 08:02:02 ҚҰРАН ОҚУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ:

Алла елшісі:

Құран оқитын мүмин – дәл цитрон, лимон сияқты. Иісі хош, дәмі керемет;

Құран оқымайтын мүмин – дәл құрма секілді. Хош иісі жоқ, дәмі тәтті;

Құран оқитын мұнафық (екі жүзді) – райхан гүлге ұқсас. Иісі хош, дәмі ащы;

Құран оқымайтын мұнафық – ханзала (колоквинт) тәрізді. Хош иісі жоқ, дәмі ащы.

(Бухари; Муслим; Тирмизи; Әбу Дәуіт; Нәсәи, және ибн Мәжә)
258 views05:02
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 07:52:12 Германияда бір орамал оранған хиджабтағы мұсылман әйел, дүкенге кіріпті. Сатушы неміс азаматы әйелге қарап тұрып:⁣⁣⠀
- Кешірерсіз, сұрақ қойсам бола ма?-депті.⁣⁣⠀
- Әрине,сұраңыз-деген әйелге, әлгі неміс:⁣⁣⠀
- Сіз мұсылмансыз ба?-депті.⁣⁣⠀
- Әлхамдулиллах, мұсылманмын,-депті әйел.⁣⁣⠀
Неміс: ⁣⁣⠀
- Пайғамбарларың Мұхаммед қой?⁣⁣⠀
- Иә, Мұхаммед салаллаху әлейхи уассалам.⁣⁣⠀
Сонда әлгі неміс әйелге:⁣⁣⠀
- Егер қазір сол пайғамбардың алдында болсаң не істер едің ,- деп сұрапты.⁣⁣⠀
Бұндай сұрақты күтпеген әйел сол жерде есінен танып құлап қалыпты.⁣⁣⠀
Есін жиғанда қатты абыржыған сатушы:⁣⁣⠀
- Кешіріңіз, дұрыс сұрақ қоймадым ау,-дегенде, әйел:⁣⁣⠀
- Жоқ, өте дұрыс сұрақ, мен Пайғамбарымыздың алдында тұруға ұяламын, бала өсірдім- балама ислами тәрбие бере алмадым, күйеуге шықтым - күйеуіме Исламда айтылған құрметтерді көрсете алмадым, бала тудым - баламды Құранмен емізе алмадым, Пайғамбарымыздың алдында не деп тұрамын деп - көзінен жас сорғалап жылаған екен.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге келіп, сұрақ алмас. Дегенмен, әрқайсымыз Қияметте өз амалымыз үшін Раббымыздың алдында жауап беретінімізді ұмытпайық.
266 viewsedited  04:52
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 07:42:12
ДОС ТУРАЛЫ ЖАҚСЫ СӨЗДЕР КӨП. АЛ ДОС ТУРАЛЫ ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ ЕКЕН?
⁣⁣⠀
Бір-бірін Алла жолында жақсы көріп, дос болғандардың сыйы ерекше! ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мұхаммед (ﷺ): «Жұмаққа кіргендер, осы өмірде жақсылық жасаған достарын жұмақтан таба алмай Алладан: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«О, Алла, бізбен бірге ораза ұстап, бізбен бірге дұға еткен жолдастырымыз бар еді, бірақ оларды көрмей тұрмыз» деп сұрайды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда Жаратушы Алла: «Тозаққа барыңдар. Жүрегінде шаңның тозаңындай иманы бар достарыңды шақырып алыңдар» деп айтады» деген. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Міне, қараңызшы, Алланың мейірімділігі сонша, істеген амалдармен тозақ отына түскен адамды жолдасының сұрауы бойынша жұмаққа кіргізеді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ұғар жүрекке осы хадистен түйер ой көп. Яғни, әрбір пенде өзіне жолдас таңдарда оның дүниесіне, абыройына емес, сол адамның жүректегі иманына қарағаны абзал. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Хасан аль-Басри (р.а.): «Өзіңізге жолдас етіп, жүрегінде иманы бар адамдарды ертіңіз. Олар Қиямет күні Сіз үшін жақтас болады» деген. ⁣⁣⠀
266 views04:42
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 07:32:02 ШЫНШЫЛ БОЛУ ЖҰМАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ!

Ибн Масғуд (р.а.):⠀
«Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Расында, шыншылдық ізгілікке, ал ізгілік жұмаққа жетелейді. Кісі әрдайым шыншыл болып, оны өмірлік ұстанымына айналдырса, Алланың құзырында турашыл деп жазылады. ⠀

Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға әуестенсе, ақырында, Алланың құзырында өтірікші кәззап деп жазылады», – деп айтты», – деген.
258 views04:32
Адкрыць / каментаваць
2020-11-30 07:22:02
Сауаптар күнәларды жояды
Сұрақ:
Күнәлар сауаптарымызды жойып жібереді екен. Олай болса біз құрдымға ұшырамаймыз ба?

Жауап: Сауап істемейтін болсақ, әрине құрдымға ұшыраймыз. Егер сауабымыз көп болса, қорқатын жағдай жоқ, өйткені сауаптар да күнәларды өшіреді. Бір аяттың мағынасында: «Әрине хасанат сәйиатты жоқ қылады» делінген. (Худ 114) (Хасанат – жақсылықтың барлық түрі, ал сәйиат – әр түрлі жамандық деген сөз.)

Сауап күнәні жоқ қылған кезде ол күнә өшіріледі. Екі хадис шәриф:

«Бір күнә істеген кезіңде дереу артынша бір жақсылық жаса, бір сауапты іс жаса, сол күнәні жойып жіберсін!» (Бәйһақи)

«Қайда, қай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорқ және жамандықтың артынша бір жақсылық жаса, оны жоқ қылсын!» (Тирмизи)

Бір сауап ең аз дегенде он күнәні өшіреді. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Бір жақсылық жасаған адамға он есесі беріледі.» (Әнам 160)

#ЗаманауиМолда
267 views04:22
Адкрыць / каментаваць