Get Mystery Box with random crypto!

КЕЙБІРЕУІМІЗ ТЫСҚА КҮЙЕУДЕН РҰҚСАТ СҰРАП ШЫҒУ АМАЛЫНА НЕМҚҰРАЙ | Заманауи молда

КЕЙБІРЕУІМІЗ ТЫСҚА КҮЙЕУДЕН РҰҚСАТ СҰРАП ШЫҒУ АМАЛЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУЫМЫЗ МҮМКІН.
⁣⁣⠀
Баяғыда бiр мұсылман отбасында күйеуi алыс сапарға аттанып, әйелi үйде қалады. Бiр күнi оның төркiнiнен: ⁣⁣⠀
- Тез келiп жет, әкең ауырып қалды, - деген хабар жетедi. Келiншек: ⁣⁣⠀
-Мен ерiмнiң рұксатынсыз бара алмаймын, Аллаһтың қаһарына ұшырап, перiштелердiң қарғысына қалғым келмейдi, - деп хабаршыны қайтарып жiбередi. Арада аз уақыт өткен соң: ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Әкең хал үстiнде, сенi көргiсi келiп жатыр, - деп жанұшыра жеткен хабаршыға тағы бара алмайтынын айтады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Әкесi қайтыс болғаны туралы суық сөз де көп күттiрмейдi. Қатты қайғырған келiншек өкiнiштен өзегi өртенiп ерiнiң сапардан оралуын күтедi. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бiрақ бармайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) қыздың әкесi ана дүниеде жәннатқа лайықтылардың қатарынан орын алғанын айтады. «Қалайша?» - деп таңқалады сахабалар. ⁣⁣⠀
- Аллаһ Тағала әйелге ерiне бойсұнуды әмiр еткен. Ерiн күтiп, Аллаһтың әмiрiн орындап, иманын қорғаған осындай қыз өсiрiп, тәрбиелегенi үшiн әкесi Аллаһтың рахметiне бөлендi, - дейдi Пайғамбар (с.ғ.с).