Get Mystery Box with random crypto!

Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: «Сіз бір шәкіртіңіздің не | Заманауи молда

Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: «Сіз бір шәкіртіңіздің не деп жүргенін білесіз бе?" - дейді. Сонда ғұлама: "Біреудің айтқан сөзін жеткізбес бұрын оны мынадай үш қабат сүзгіден өткізіп алғаның жөн: Алғашқысы - шындық. Соған салар болсақ, айтпақ сөзіңнің рас екеніне көзің толық жете ме?» - дейді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Әлгі кісі: «Шынымды айтсам, өз аузынан естімедім» - дейді.⁣⁣⠀
- Онда екінші сүзгіден өткізейік. Ол - жақсы сөз деп аталады. Айтатын хабарың жақсы сөз бе еді? -
деп сұрайды.⁣⁣⠀
Ол кісі: «Жоқ, керісінше болатын» - дейді күмілжіп.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Онда үшінші сүзгіден өткізіп көрелік. Мүмкін бұл сынақтан өтерсің!? Ол - пайдалылық деп аталады. Ал енді мына хабарыңның маған қаншалықты пайдасы бар? - деп сұрайды.⁣⁣⠀
Әлгі кісі қатты қысылып: «Пайда бермейтін әңгіме еді» - дейді жерге қараған күйі.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонда ғұлама: «Өзі сенімсіз болса, әрі жағымсыз әңгіме болып, маған түк пайда келтірмесе оны маған қай жақсылық ойлап жеткізгің келді?!» - деген екен.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бұл бәрімізге керек сүзгі екен!!!⁣⁣