Get Mystery Box with random crypto!

КЕМШІЛІГІН АЙТПАЙ САУДА ЖАСАУ – ХАЛАЛ БОЛМАЙДЫ - Уаила ибн | Заманауи молда

КЕМШІЛІГІН АЙТПАЙ САУДА ЖАСАУ – ХАЛАЛ БОЛМАЙДЫ

- Уаила ибн Асқағ (р.а.) тұрған жерде бір кісі түйесін үш жүз дирхамға сатады. Уаила аңдамай тұрғанда, сатып алушы түйені алып жүріп кетеді. Мұны байқаған Уаила оның артынан жүгіріп:

– Әй, бауырым! Сен түйені сою үшін алдың ба, әлде мініске ме? – деп айқайлайды. Ол:

– Мініске алдым, – дейді.

– Мен ол түйенің табанында жара бар екенін көрдім. Ол ұзақ жүріске жарамайды, – дейді Уаила. Әлгі кісі сатушыға қайта келіп, түйесін қайтарып береді. Соңында сатушы жүз дирхам түсіп, түйені екі жүз дирхамға береді. Сосын Уаилаға:

– Алла саған рахым етсін! Менің саудамды бұздың ғой, – дейді. Уаила:

– Біз Алла елшісіне барлық мұсылманға адалдық көрсетуге серт бергенбіз. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Адамға тауарының кемшілігін айтпай сауда жасауы халал болмайды. Оны біліп тұрған адам үшін айтпау да халал болмайды» дегенін естігенмін, – деп жауап береді.