Get Mystery Box with random crypto!

Қожанасыр бір күні жолдастарынан: ⁣⁣⠀ - «Мен өлемін бе?» деп с | Заманауи молда

Қожанасыр бір күні жолдастарынан: ⁣⁣⠀
- «Мен өлемін бе?» деп сұрайды. ⁣⁣⠀
- «Ондай сұрақ болама Қожеке! Бәріміз өлеміз ғой» деп жауап қатады. ⁣⁣⠀
- «Олай болса менің жаназа намазым оқыларда Молда «Қандай адам еді?» деп сұрайды, сонда не деп жауап бересіңдер?» дейді. ⁣⁣⠀
«Ой Қожеке, қатырады екенсіз, әрине «Жақсы адам еді» деп жауап қатамыз» депті. ⁣⁣⠀

Сол сәтте Қожанасыр: ⁣⁣
«Ой достарым-ау менің өлімімді күтіп жүрмей соны қазір бетіме айтсаңдар қайтеді!» депті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Көпшілігіміз жүрегіміздің түбіндегі сүйіспеншілікті, сөйлем етіп айта алмаймыз. Сүйіспеншілігіңді айтпау керек сынды қате пікірді санамыздың түбіне орнатып алғанбыз. Ең өкініштісі де жақсылықты айта алмасақ та жамандық атаулыға, жазалауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Кез-келген жағдайға жақсы жағынан қарап, сүйіспеншілігімізді сүйгенімізге бетпе-бет айтуымыз керек. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кімнің жүрегінде діндегі бауырына деген сүйіспеншілік ұяласа, оны бауырына айтсын» деп бұйырған. ⁣⁣⠀