Get Mystery Box with random crypto!

'Болып табылады' бізге орыс тілінен келген, оған дау болмасын. | PR туралы

"Болып табылады" бізге орыс тілінен келген, оған дау болмасын. Ал бірақ сол орыс тілінің өзіне басқа тілдерден келген ғой. Байқасақ, ағылшын, неміс, француз, испан (өзім әріп танитын) тілдердің бәрінде "являться" деп аударылатын етістік бар.

To be, Sein, Être, Ser

Кезінде орыстарға осы тілдерді үйрету әдістемесі дұрыс қалаптаспады ма екен, әлде аудармашылары дұрыс қалыптастырмады ма, әйтеуір осы етістіктер орыс тіліне "являться" болып кіріп кеткен.

I am Nazgul, Je suís Nazgul, Soy Nazgul дегеннің бәрін "Я являюсь Назгуль", яғни "Мен Назгүл болып табыламын" деп аударуға болады.

Ну енді, мұндай қарапайым сөйлемде "болып табыламын" демейміз ғой, бірақ негізгі шыққаны осы. Орыс тіліне осылай кірген. Енді орыс редакторлардың өзі содан құтыла алмай жүр

Біздегі бұлардың баламасы - жіктік жалғаулары.

Мысалы, бүгін бір жігіттен "Являюсь ли я мусульманином?" дегенді оқыдым. Енді осының қазақшасы "Мен мұсылман болып табыламын ба?" емес қой, "Мен мұсылманмын ба?"

Осы шаблонға кез келген мағынаны салсақ: "Являетесь ли вы резидентом РК?" дейікші. "Сіз ҚР резиденті болып табыласыз ба?" дейміз бе, "Сіз ҚР резидентісіз бе?" дейміз бе? Әлде "болып табылады" сөйлемнің нәшін келтіріп тұра ма?

Сіз мана баланың анасы болып табыласыз ба? - Сіз мына баланың анасысыз ба?

Болып табыладының сорақысы - болып табылмайды, болып табылмайтын.

Азамат ҚР резиденті болып табылмайды - Азамат ҚР резиденті емес

ҚР резиденті болып табылмайтын азаматтар - ҚР резиденті емес азаматтар

Жазып көріңізші, БТ-сыз, өміріңіз кәдімгідей оңайырақ бола түседі.