Get Mystery Box with random crypto!

Былтырғы Супербоул Жартытаймында 90-жж. рэп супержұлдыздары шы | PR туралы

Былтырғы Супербоул Жартытаймында 90-жж. рэп супержұлдыздары шыққаны естеріңде ғой. Эпик, ғаламат консерт болып ед. Сол перфомансты ара тұра настр жоқта қарап отырам, шамалы эмоциялық күш жинау үшін.
Шамамен сол кезде 2Pac деген легендке қызығушылығым қайта пайда болды. Осы уақытқа дейін оның шығармашылығына онша ден қоймаппын. Жалпы оның анша-мұнша әнін де біле бермейд екем. Тек Lil Homies әні бір кезде плейлистімде болған. АҚШ-тағы өмірдің әлеуметтік өткір мәселелеріне негізделген шығармалары қазір де актуал сияқты, бізге шли бір таныс болмаса да. Бірақ Тупактың музыканы сезіну дарынына енді еш базар жоқ, болуы да мүмкін емес. Туындыларына 30 жыл болса да, әлі күнге дейін сәнді, тренди, фанки.

Қызық дерек:
Тупак қайтыс болғасын денесі өртелген ғой. Сонда рэпер әріптестерінің бірі "мүрдесінен қалған күлді марихуанамен араластырып, шегіп тастадық" деген. Алайда көп жыл өткен соң сол топта болған бір рэпер күл оныкі болмаған деп мәлімдепті

Сонымен бұл демалыстағы #музыка – Тупактың аса танымал туындыларының бірі, Др.Дремен жасаған бірқатар табысты коллабтарының ең көрнекті үлгісі – California Love. Қайтыс боларынан жарты жыл бұрын жазылған туынды. Әннің вайбы деген...