Get Mystery Box with random crypto!

#prкейс #мемпиар #prмаразм #prпікір Бүгін Смайыловтың сұхбаты | PR туралы

#prкейс #мемпиар #prмаразм #prпікір
Бүгін Смайыловтың сұхбаты шығуы керек еді
Сонымен…
Ulysmedia.kz. редакциясы 6-ақпанда бір рет, 20 ақпанда екінші рет Премьер-министр Ә.Смайыловқа сауал жолдап, сұхбат сұрақтарын жіберіп қойған. Содан бері әр апта сайын баспасөз қызметіне хабарласып, қашан жауап беретіндерін сұраумен болдық. Олар да созып бақты, біз де шыдап бақтық.

Бір күні Ерболат Мұхамеджан хабарласып осылай да осылай жазбасыз кездесуге шақырайын деген едім деді. Мен бірден айттым, неге алдымен БАҚ жолдаған сауалдарға жауап бермейді, бара алмаймын, бұл туралы пост жазам дедім. Ерболат шара «срыв» болады, еш жерге ештеңе жазбаңыз деп шыр-пыр болды. Содан іле-шала баспасөз қызметінен хабарласып, келесі сенбі міндетті түрде сұрақтарға жауап беріледі, шараға қатысқаныңыз дұрыс деп бастырмалатты. Бүгін сол уәделі сенбі. Сұхбат тағы да сағымға айналды. Сөзім жоқ.

Шенеуніктер алдымен БАҚ жолдаған сұрақтарға уақытында жауап берсе. Содан соң не істесе де өз еріктері. Селфилете ме, билей ме, ән айтама ма...

“Chatham house”, “off the record” дегендеріңізді экономист, сарапшылармен өткізіңіздер. Ал журналистерге халықты алаңдатып отырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берсеңіздер. Әлде бізде ондай мәселе жоқ деп ойлайсыздар ма? Қымбатшылық 500%, халық кредитке тамақ алып ішіп отыр, теңге теңселіп тұр. Белгісіздік, үрей, болашаққа деген сенімсіздік. Халық неге үкіметтегілер емес, Шораев, Тайжандарға сенеді? Өйткені олар ешқандай сұхбаттан қашпайды, ойларын еркін айтады. Ел түсінбеген дүниені түсіндіруге тырысады. Осы жабықтық пен боркемік қорқақтықтың соңы неге соқтырғанын көрдік қой.

Қазір адамдар елде бірдеңе өзгереді деп үміттеніп отыр ғой. Бізге редакцияға, менің жекеме қаншама хаттар түседі. Біз жазған дүниеге олар сенеді. Көмек сұрайды. Мынаны, мынаны көтеру керек деп қолдау білдіріп жатады. Қашанғы бұғып отыра береміз. Өзгеруге дер шақ емес пе?! Тым құрығанда осыны пайдаланып, түзу жолға түсуге неге тырыспаймыз…. Басқа айтарым жоқ.

P.S Үкімет басшысының жанындағы «нөкерлері» біз сияқты сайттарға қарсы жазылған постарға лайк басып, қоластындағыларға да соны міндеттегенше, адекватты кеңес беріп шынайы картинаны жеткізуге тырыссаңыздаршы. Ұсақталып кеттіңіздер ғой сол беті) Өтірік есеп беріп, бәрі жақсы деп жағымпаздану жарға жығатынын уақыт көрсетті емес пе? Эх осыған өрелеріңіз жетсе ғой…
Самал Ыбраева