Get Mystery Box with random crypto!

Медиа, журналистика және адам құқығына қызығатын достарыма бір | PR туралы

Медиа, журналистика және адам құқығына қызығатын достарыма бірнеше хабарландыру:

1. Фридрих Эберт қоры азаматтық журналистика уоркшобына қатысушылар іріктеп жатыр. Уоркшоп шілдеде өтеді, бірақ өтініш қабылдау 29 сәуір аяқталады. Толығырақ ақпарат мына жерде.

2. Қазақша контентмейкерлерге арналған офлайн кездесу. Спикер - Марғұлан Ақан, Qadam және BUGIN MEDIA жобаларының жетекшісі. Контентті бейімдеу, вирусты контент жасау тақырыптарын талқылайды. Кездесу 28 сәуір Алматыда, American Space-те өтеді. Мына жерден тіркеле аласыз.

3. Құқықтық медиа-орталық қоры ONLINE ACTIVISM CAMP курсына өтініш қабылдап жатыр. Курс мамырдың соңына қарай астанада өтеді екен. Онлайн-адвокация, интернеттегі құқықтық сауат, ақпаратқа қол жеткізу құқығы, фейкпен күрес, өз цифрлы жобаңды жүзеге асыру, т.б. нәрселерді үйретеді. Курс соңында қатысушылар грант конкурсына өз жобасын ұсынып, іске асыруға қажет ақшаны ұтып алуға мүмкіндігі де бар. Тіркелуге өтінішті мына жерге жаза аласыз.