Get Mystery Box with random crypto!

: 28 сәуір, бейсенбі : 18.00-20.00 (Алматы) : American Space | PR туралы

: 28 сәуір, бейсенбі
: 18.00-20.00 (Алматы)
: American Space, Байзақов к. 280
GoViral #анонс
Сәуірдегі кездесуіміз қазақ тілінде өтпек! Алғаш рет қазақ тілінде ұйымдастырылып жатқан кездесуімізден құр қалмаңыз!

Егер сіз контент пен әлеужеліде өтімді жазба жасауға қызықсаңыз, онда осы шарамыз сізге арналады. Бейсенбінің кешін қызық кездесу мен пайдалы ақпарат алу үшін жұмсаңыз.

Бұл жолы біз қазақтілді контентмейкерлерге әлеужеліге арналған өнім жасауды үйретпекшіміз. Егер осыған дейін блогыңыз, парақшаңыз, подкастыңыз не кез келген өніміңізді әлеужеліге өтімді етіп өңдей алмаған болсаңыз, онда бізге келіңіз! Біздің спикеріміз сіздерге инстаграмда вирал (вирусты) контент жасауды үйретеді.

Спикеріміз кім?

Марғұлан Ақан - медиа және қоғаммен байланыс бойынша сарапшы, коммуникация саласында 10 жылдық тәжірибесі бар медиа-менеджер, Qadam және Bugin MEDIA жобаларының жетекшісі.

Кездесуде келесі сұрақтарға жауап таба аласыздар:
Контентті бейімдеу деген не?
Инстаграмдағы медиа-өнім ерекшеліктері қандай?
Аудиторияға өтетін контентті жасау амалдары қандай?
Вирусты контент жасау үшін не қажет?
Бәсекеге қабілетті өнім жасау ерекшеліктері

Өтінішіңізге жауапты 26 сәуір аласыз. Поштаңыз бен ондағы "спам" қалтасын тексеруді ұмытпаңыз.

Тіркелу үшін сілметеме арқылы өтуіңізді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSesLSCS3-q4e9DOUasnZzbpy06IMALyCm5ZfIogLaB2gMd2aQ/viewform

Ақпарат мына жерден алынды