Get Mystery Box with random crypto!

Досым Ғалымжан Оразымбет керемет ойын айтты фбда. Біздің түбім | PR туралы

Досым Ғалымжан Оразымбет керемет ойын айтты фбда. Біздің түбімізге жететін орыс пен қытай емес, жемқорлық.

Украина vs Коррупция

Жұмысым мемлекеттің/біздің (пропагандонның айтуынша - біреудің) ақшасын санау болған соң, жемқорлық туралы да айтып жүремін. Кейде көп ел жемқорлықпен-ақ норм өмір сүріп жатыр. Оның нақты зияны неде дейді. Сосын ол дегенің сапасыз білім, сапасыз медицина, сапасыз мемқызмет деп түсіндіруге тырысам. Өмірінде мыналардың сапалысын көрмеген соң ба, көбі сонда да қатты түсініп, не қабылдай қоймайтын сияқты.

Алдыңғы жылы ковид кеп қалғанда сапасыз медицина, сапасыз мемқызметтен мыңдап қырылып қалдық. Бірақ жемқорлықтан тыйылудың орнына, ковидті пайдаланып жемқорлана түстік. Не бет, не ұят жоқ.

Ал қазір Украинада Ресей ұландары Украин қаруынан бұрын өз басшыларының жемқорлығынан қырылып жатыр. Жүрегі шыдайтындар телеграмдағы каналдардан түрлі видеолар көріп жүрген шығар. Орыс солдаттары жейтін асының мерзімі 2015 жылы өтіп кеткен. Жеті жыл бұрын жеуге жарамсыз боп қалған аспен жас балаларды соғысқа айдап жатыр. Астан бөлек, танктерінде, жалпы әскери құралдарында оқ-дәрі жетпейді, өздері тозып кеткен. Анау орындықтар солдаттардың атасының бөксесін көрген шығар. Кемі әкелерінің. Ал байланыс рациялары қытайлық, біздің тойларда балаларға тәбәрікке беретін пластмасса ойыншықтар сияқты бірдеңе. Оны украин барлау қызметі оңай қағып алып, тыңдап отыр. Соның бәрін сатып алуға Ресейдің ақшасы болмады ма? Болмақ түгілі соның бәрін суперсовременді қылуға жылына трлндаған орыс теңгесі бөлініп келді. Бөліну деген жаратылу деген сөз емес. Көбі әскери генералдар мен олардың басшылығының қалтасы=яхтасы=виллалары=шетелдегі млрдатаған шоттарына кетіп жатты. Жетісті ме. Батыс өзіндегілердің бәрін қазір блоктап, кәмпескелеп жатыр. Қазір орыс солдатының дұрыс азық-түлігі, оқ-дәрісі түрлі активтер ретінде батыста топырлап кәмпескеленіп жатыр. Әсілінде, орыс шенеунігіне соғыстың ұзағырақ болғаны дұрыс. Біріншіден, бұрынғы жеп қойғандарын списаниеге жіберіп алады. Екіншіден, қазіргі бөлініп жатқаннан көбірек жеп қалады. Ең жаманы, солармен бірге тірі адамдары да списаниеге кетіп жатыр. Ол елде адам ешқашан құндылық болмаған. Атақты "бабы нарожают" дейтіні ақырзаманға өзімен бірге жететін шығар. Оған дейін өз ұландарының млндаған басын жұтып отырады сөйтіп.

Мына нәубет бізге келе көрмесін. Оқ шығармай көп аймағымыздан айрыламыз. Украин әкімдерін көріп әуесің кетеді. Әр қала, әр елдімекен үшін жанын салып соғысып жатыр. Бар әкімін әскериден сайлаған ба дерсің. Біздікілер...
Біреудің қайғысын пайдаланып ақыл айтайын демейсің ғой. Содан өзіңді көресің. Мынау бізде де бар-ау дейсің. Жұрт айдаладағы біреу үшін сонша уайымдап дегенде әркім айдаладағы сол нәрседен өзін де көретінін, өзімен салыстыратынын ескерсе. Жалпы адами жанашырлықты былай қойғанның өзінде.

Біздегі жемқорлық бір ковидке төтеп бере алмаған. Ал мынадайға бір сәтте күйреп түсеміз.