Get Mystery Box with random crypto!

Жоқ болса, бере алмайды, бар болса – көре алмайды. Дардай бас | PR туралы

Жоқ болса, бере алмайды, бар болса – көре алмайды.
Дардай басымен кішкентай баланың жетістігін көре алмаған Рымбаева өресінің деңгейін тағы мәрте көрсетті.
Оқаповқа айтарым жоқ, дауыссыз болса да, музыкалық трендтерді жақсы түсінетін, еңбегімен алатын жігіт. Ал Мәдиінің ұсқынын көрдіңдер ме? "Мамамның атын шығарғым келеді, сол үшін ән айта бастадым" деген бір сұхбатында. Розаның атын тап сен шығармай-ақ қойшы дегем. Дым талант, дым дауыс, табиғат Сейшелл аралдарына барып, әбден демалған жағдай.
В общем, көрешекті осы фонограмма әншілерінен көретін болдық.
Өткенде Әмре Тимур Балымбетовке берген сұхбатында ”Жасы үлкен әншілер жас таланттардан сахнаны қызғанады, басқа ұрпақ өскенін, олардың таланты зор екенін көре алмайды, көргісі келмейді. Барын салып тыраштанып, төрді бермеудің амалын жасайды" деген. Рымбаева сол сөзді дәлелдеп бергені – сілтемеде.
"И где он сейчас?!" деп керігіп, менсінбеушіліктен аж төбесі өртене жаздап қойған сұрағына жауап: Иманбек қазір басқа еш қазақ әртісі армандай алмайтын жұлдыздармен коллаборация жасап жүр.
Duboss - Voyage voyage трегі европалық чарттарда 1-орындардан, әлемнің басқа елдерінде 4-5-7- орындардан табылды.
Alan Walker - Sweet Dreams трегі европалық чаттардың алғашқы ондығына кіріп шықты. Үздік электроникалық би хиттері тізімдерінде әлі жүр.
Rita Ora - Big трегі Apple Music чарттарында әлі 4-орында тұр, ал әлемдік чарттарда үздік ондықтарға кіріп қана қоймай, 1-орындарды да алған.

Иманбектің топ чарттарды жарған тректері әлбетте одан да көп. Әлемдік музыка индустриясының библиясы саналатын Billboard журналында есімі жазылған бірден бір қазақ – тағы да Иманбек. Ну и Grammy, Розочка.
Сондықтан мұндай іштарлықты қазақтың беткеұстар әртісінің көрсетіп отқаны өте ұят жағдай. Әрбірден соң Иманбек әнші емес, саунд продюсер, Роза одан сахнаны қызғанатын категорияда емес, атағы болсын, жанры болсын, тіпті ровня емес. Керісінше бұл жас талант – Розаны жастарға өтімді ете алатын бірден бір ресурс. Тойда фонограммамен әндеткенше, трендке ілесіп, сондай бағы жанып тұрған жігітпен коллаб жасауға ұмтылу керек.
#соңғыжаңалық #имидж

https://www.instagram.com/p/CQ7xP1RF7sz/?utm_medium=copy_link