Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандағы Internews өкілдігінің қолдауымен 8-11 шілде күнд | PR туралы

Қазақстандағы Internews өкілдігінің қолдауымен 8-11 шілде күндері қазақша медиасауат онлайн-тренинг өткіземіз. Тренинг мемлекеттік қызметкерлерге, ұстаздарға, қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, баспасөз қызметі мамандарына, PR мамандарға арналған.
Қатысу тегін.

Қатысушылар фактчекинг негіздерін, фейкті анықтап, онымен күрес тәсілдерін меңгереді. Бұл тәсілдерді белгілі журналист, медиатренер, фактчекинг маманы, «Тіл кеспек жоқ» YouTube-каналының авторы Әсем Жапишева үйретеді.

Медиаэтика, медиадағы өшпенділік тілі, түрлері мен салдары, адам жынысына қатысты стереотиптер туралы осы тақырыптарда мықты маман, журналистика магистрі, медиатренер, аbout media in kazakh телеграм-каналының авторы, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Оразай Қыдырбаев дәріс береді.

Кәсіби PR маман, қазақ тілінде ең танымал «PR туралы» телеграм-каналының авторы, медиатренер Гүлім Оразбаевадан БАҚ пен жарнамадағы, пропагандадағы манипуляция түрлерін және соны ажыратуды үйренеміз.

Интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтеріңіз бен аккаунттарыңызды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету машығы кез келген қолданушы қажет. Бұл машықтарды кәсіби IT маман, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Cardiff University, Advanced Computer Science оқу бағдарламасы), Телеграмдағы IT тақырыбына арналған Kazakh in Cardiff каналының авторы Данияр Мухановтан үйренеміз.

Тренинг соңында үздік қатысушыларға сыйлығымыз бар. Үздіктерге үйренген тақырыбында тренинг өткізу машығын дамытуға  көмектесеміз.

Тренингке қатысу тегін. Толық қатысқандарға сертификат беріледі.

Қатысу үшін 6 шілдеге дейін онлайн өтінішті толтырып, тіркелу керек.