Get Mystery Box with random crypto!

Осы сәтпен өмір сүре алмаймыз. Тек өткен және болашақты ойлай | боқ сары

Осы сәтпен өмір сүре алмаймыз. Тек өткен және болашақты ойлай береміз. Сәтпен өмір сүрген сайын айналадағы проблемалар жеңіл боп көрінеді. Егер осы сәтпен өмір сүрмесеңіз, ол энергия быршып, бұзылып кетеді. Гүлденуіңізге себепкер энергия бұзылса, арам шөпке айналады.

Мысалға кішкентай баланың энергиясына таңғаламыз. Олар сол сәтпен өмір сүреді және сәттің энергиясы оларды гүлдендіреді. Олар бақытты. Ал егер оны бұрышқа тұрғызып, ұрысып, түк істетпей қойсаңыз, бірден жабылып, энергиясы тасыған баладан оқтауға айналады. Өйткені сіз оның энергиясын өз билігіңізге алдыңыз. Есігін жауып, құлыптап тастадыңыз. Ал ол болса секіріп, айналаны бұзып, күліп, шашып, сәтпен өмір сүргісі кеп тұр. Ол сәтте бала қысқа уақытқа "өліп" қалғанын көруге болады.

Егер адам бір сәтке билеп, ән айтып, қалаған ісін істеп, кішкене болсын ессіз дүниелер істесе, сол энергия бөлініп, гүлденіп бақытты болуына себепкер болар еді.

Өмір сүріңіз, билеңіз, жеңіз, ішіңіз, бәрін по максимуму істеу керек. Бір нәрсені ұмытпаңыз: барлық проблемаларды өзіміз ойлап тапқан. Содан шығуымыз керек. Проблема құшағыңызға кіргісі кеп тұр ма, сол сәтте итеріп жүріңіз. Оны шешуге бірден қадам жасаңыз. Уайым, қайғы, депрессия - ол сіздің дұрыс өмір сүрмеуіңіздің салдары. Сондықтан на полную катушку өмір сүру керек. Әр күніңді мерекеге айналдыр!