Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграмнан “күйеуім айфон,гүл сыйлады” дегенді көріп көңілі | Амалдар ниетке байланысты

Инстаграмнан “күйеуім айфон,гүл сыйлады” дегенді көріп көңілі түсіп, күйеуіне: “пәлен сыйлық беріпті, маған ше... ” деп ренжіп жатамыз. Негізінде күйеудің біздің алдымыздағы міндеті қарын тоятындай азық-түлік пен әр мезгілде киетін киімнің болуы. Ауырсаң емдетуі. Ал енді артық тәттілер әкелуі, сырттан тамақ, кофе ішу, бүтін сөмкең мен кимің бола тұра тағы да жаңасын әперуі бұл да негізін де сыйлық. Тек күйеулеріміз бұның бәрін бұл саған сыйлық деп ұсынбағаны ғана. Күйеудің жағдайына да бір қарап қою керек сияқты. Жағдайы кеп жатса еркелеп сұрап алыңыз)) бұрқылдамай, анау- мынау әйеліне әперіпті демей.

Кейбіреулер “бәрі дайсон алып жатыр” деп оны алып алады. Қолданып жатсың ба десең: бір бұрышта жатыр ғой дейді. Сол сияқты халде болып қалмайық дегенім ғой.

Мүмкін басқа адам алып жатқан сыйлық сіздің қалауыңыздағы сыйлық емес шығар. Инста әлемнен кімнің күйеуі әйеліне не берсе соны алғысы келіп күйеуіне айта беру ол тек көрсеқызарлық. Біреу гүл алғанды ұнатады, біреуі көңіл бөлуді қалайды, енді бірі үй шаруасына физикалық тұрғыда көмек беруін қалайды. Өз қалауымызды анықтап алсақ, көрген нәрсемізге қызыға бермейміз. Бәрінің алған сыйлығын алып, шығын да болмаймыз.
Қалауыңыздағы таңдаудан жаңылмаңыз